"Бір аяғынан айырылып, денсаулығы сыр берген": Тараз қаласында 25 жыл құлдықта болған әке қызымен қауышты

Бойжеткеннің айтуынша, анасы өмірден өткен, әкесін соңғы рет 6 жасында көріпті.

"Бір аяғынан айырылып, денсаулығы сыр берген": Тараз қаласында 25 жыл құлдықта болған әке қызымен қауышты
сурет: jambylinfo.kz
780

Тараз қаласында 25 жыл құлдықта болған әке қызымен қауышты. jambylinfo.kz сайтының редакциясы оған 25 жыл көрмеген қызын тауып берген. 

Бойжеткеннің айтуынша, анасы өмірден өткен, әкесін соңғы рет 6 жасында көріпті.

«Адамдар «әкеңді көрдік» деп айтып келгенде қандай күйде болғанымды білсең ғой?! Соңғы рет 6 жасымда мектепке алып барғаның есімде. Балмұздақ сатып бергенің көз алдымда. Анам «әкең жақсы адам» деп айтып отыратын. Сені сағынумен, күтумен ержеттім ғой» –  деп жылады Әйгерім әкесін көргенде.

Бір аяғынан айырылып, денсаулығы сыр берген әке қызына мән-жайды түсіндірген.

«Сенің нағашыларың мені жақтырмайтын. Содан ажырасып кеттік. Біраз жыл құлдықта болдым. Жағдайым да, денсаулығым да болмады. Сыртыңнан сұрастырып, қайда екеніңді білмей жүрдім. Сен менің жалғыз перзентімсің», – дейді әкесі.

Кездесудің куәсі болғандар әке мен қыздың табысқанына елжіреп, ізгі тілек білдірген.

Серіктес жаңалықтары