Тимур Онжанов жаңа қызметке тағайындалды

Тимур Онжанов – Еуропаның қаржы институттарында жұмыс істеген маман.

Тимур Онжанов жаңа қызметке тағайындалды
Тимур Онжанов

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі басқарма құрамына Жандос Шайхы мен Тимур Онжановты сайлау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы холдинг Қазақстан қор биржасына (KASE) 11 маусымда хабарлады.

Сонымен, «Бәйтеректің» басқарма құрамында қазір жеті адам бар: Рустам Қарағойшин, Нұрболат Айдапкелов, Ерсайын Хамитов, Үсен Ғалым, Вячеслав Сон, Жандос Шайхы және Тимур Онжанов. Басқарма мүшелерінің барлығы Қазақстан азаматтары.

Холдингтегі жобалармен жұмыс істеу және активтерді басқару мәселелеріне Жандос Шайхы жетекшілік ететін болады. Ол «Бәйтерекке» тағайындалғанға дейін «Ситибанк Қазақстан» АҚ-да 19 жылдан астам жұмыс істеді. 1982 жылы туған.

Тимур Онжанов 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Оның Санкт-Галлен (Швейцария) және Берн (Швейцария) университеттерінің, сонымен қатар Кирхенфельд экономикалық гимназиясының (Швейцария) дипломын алған. Еуропалық қаржы институттарында жұмыс істеген. 2013 жылдың шілдесінен 2016 жылдың шілдесіне дейін  AVP, Deutsche Bank AG, Франкфурт, Германия, Корпоративтік және инвестициялық банкинг, жобаларды қаржыландыру транзакцияларын ұйымдастырушы, құрылымдық сауда және экспорттық қаржыландыру бөлімінің сату жөніндегі менеджері болып жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап АХҚО-да түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Осыған дейін ол АХҚО Әкімшілігінің атқарушы директоры, қаржы секторының бас өкілі болып жұмыс істеді.