Артық салмақтан арылу үшін күніне қанша шыныаяқ кофе ішу керек?

Кофенің құрамындағы кофеин зат алмасу процесін тездетеді.

Артық салмақтан арылу үшін күніне қанша шыныаяқ кофе ішу керек?
www.istockphoto.com
556

Қоғамдық денсаулық сақтау ісі жөніндегі Гарвард мектебінің ғалымдары арнайы зерттеу жүргізіп, кофенің артық салмақтан арылуға септігін тигізетінін дәлелдеді, деп хабарлайды turkystan.kz мектепке сілтеме жасап.

Ғалымдар зерттеуге қатысуға ниет танытқан 126 адамға 24 апта бойы эксперименит жүргізген. Зерттеудің басты мақсаты – кофенің 2 типті қант диабетінің алдын алуға әсерін тексеру болған. Дегенмен зерттеу нәтижесін алған ғалымдар күтпеген жаңалық ашқан – күніне 4 шыныаяқ кофе ішкен адам 4 пайызға жуық май кетіретіні белгілі болды.

2020 жылғы 13 қаңтарда HealthDay News журналына шыққан мақалада ғалым, ғылыми қызметкер Деррик Альперет майдың кетуі кофенің құрамындағы кофеин зат алмасу процесін тездететінін, ал мұның нәтижесінде калория мөлшері азаятынын жазады.

Серіктес жаңалықтары