357 млн теңге: Ақмолалық прокурорлар тендер жариялаудағы заңсыздықты анықтады

Жобаны әзірлеушілер оның техникалық жағынан анау айтқандай күрделі емес екенін айтқан.

357 млн теңге: Ақмолалық прокурорлар тендер жариялаудағы заңсыздықты анықтады
www.istockphoto.com

Ақмола облысы Целиноград ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі талдау кезінде бірқатар заңсыздықты анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдау нәтижелері бойынша веб-порталда Ақмола облысының Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы мен Талапкер ауылында және Нұрлы КҚ-да электрмен жабдықтау құрылысы бойыншаинжинирингтік қызметтерді сатып алу туралы ашық конкурс жариялаған. Онда қызмет құны 357 млн теңгеден асатын 3 хабарландыру орналастырылған.

«Алайда, тапсырыс беруші объектінің жауапкершілік деңгейін дұрыс анықтамады. Жобада техникалық жағынан күрделі объектілерді салу үшін жобаны басқару бойынша инженерлік қызметтер көрсетілген, ал жоғарыда аталған жұмыс жобаларын әзірлеушілер техникалық жағынан күрделі емес жауапкершіліктің II деңгейін белгіледі. Акт бойынша жоғарыда көрсетілген жалпы сомасы 357 млн теңгеден астам сатып алулардың күші жойылды, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.