Алаяқтар Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысының бірге түскен суретін пайдаланған

Алаяқтар адамдарды тарту үшін жалған фотосуретті пайдаланған

Алаяқтар Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысының бірге түскен суретін пайдаланған
Ақорда
487

Әлеуметтік желілерде алаяқ брокерлер иемденіп кеткен ақшаны қайтаруға болатыны туралы жарнама тарады. Ол үшін 48 сағат уақыт қажет екен. Бұл фейк, деп жазады turkystan.kz Stopfake басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметіне сүйенсек, алаяқтар адамдарды тарту үшін жалған фотосуретті пайдаланған. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш бейнеленген және "Интерполмен ынтымақтастықтың нәтижесінде алаяқ брокерлер ұсталды" деп жазылған.

Шындығында, бұл фотосурет Қазақстан президентінің ресми сайтынан алынған. Ол 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте түсірілген. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 74-сессиясында Антонио Гутерришпен кездесіп, Қазақстан мен БҰҰ одан әрі практикалық өзара іс-қимылының перспективаларын талқылаған.

Серіктес жаңалықтары