Жетісу облысында 5-сынып оқушысының қолын байлап, қорлық көрсеткен

Анонимді түрде жариялауын ұсынған оқырман оқиғаны тергеу жүргізбей, жауып тастағанын жеткізген

Жетісу облысында 5-сынып оқушысының қолын байлап, қорлық көрсеткен
istockphoto.com
533

Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында 5 сынып оқушысына сыныптастары аяусыз қорлық көрсеткен, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Немолчикз» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғаумен айналысатын фонд өзінің телеграм парақшасында жариялады.

Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасына келген жазбамен бөлісті. Анонимді түрде жариялауын ұсынған оқырман оқиғаны тергеу жүргізбей, жауып тастағанын жеткізген.

5 сынып оқитын қызға буллинг жасалған. Сыныптас қыздар оның қолын байлап, ұрған, көтеніне ағаш сұққан, ол жерін әбден зақымдаған. Ауруханада жатыпты, 25 мамырдан кейін болған дейді. Істі жүргізбеген. Өтінемін, осы ақпаратты тексеріңізші, - деп жазған.

Сондай-ақ келесі келген хатта Талдықорғандағы мектепте 3 сынып оқушыларына 9 сынып оқушыларының зорлық көрсеткені туралы жазылған. Ол оқиғада да ата-аналары араласып, істің жабылуына қол жеткізген.

Серіктес жаңалықтары