Актер Санжар Мәди тренд видео түсірді

Әртіс бұл жолғы бейнежазбасы арқылы оқырмандарына күлкі сыйлады.

Актер Санжар Мәди тренд видео түсірді
видеодан алынған скрин

 Қазақстандық актер Санжар Мәди әлемдік трендтерден тыс қалмады, деп жазды turkystan.kz.

 

Сюжетте актер көшеде екі адаммен соқтығысып қалады. Жаға ұстаспас бұрын Мәди жаттықтырушысының не үйреткенін есіне алады. Жаттығу кезінде актер арқандармен жұмыс істеуді үйренген, осы бір сәтте ол дәл сол әдісті қолданған.

Бейнероликте актер Ерден Телемісов пен Жандос Айбасов та бой көрсетеді.

Актердің оқырмандары әртістердің әзіл-қалжыңын жоғары бағалаған.

"Керемет фильм қашан шығады?", "Керемет актерлер, мен сені жақсы көремін", "Ерден аға жақсы биледі",- деп жазды желі қолданушылары.