Маңғыстау облысындағы ауылда 2 жасар бала суға батып кетті

2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кетті.

Маңғыстау облысындағы ауылда 2 жасар бала суға батып кетті
Pixabay

Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 5 шақырым жердегі Каспий теңізінде болған. 

2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кетті.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.

«Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. 

Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады», — деп жазды ТЖМ-нан.