Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогі кезеңінің финалына шықты

/
Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогі кезеңінің финалына шықты
Фото: ҰОК

Ташкентте (Өзбекстан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі жалғасып жатыр.

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова ақтық сынға жолдама алды.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Наталья Шадринамен (Сербия) жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті.

Осылайша Карина Ибрагимова әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, финалдар 3 желтоқсанға жоспарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары