Мәслихат сайлауы: Сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді

/
Мәслихат сайлауы: Сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді
Фото: Ақорда

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 58,55 пайызы өз таңдауын жасаған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Өңірлік сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың белсенділігі ең жоғары Түркістан облысында тіркелді. Мұнда дауыс беруге сайлаушылардың 77,58 пайызы қатысқан.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында – 75,69%, Жетісу облысында – 74,09%, Қызылорда облысында – 71,58%, Абай облысында – 68,22% көрсеткіш тіркелді.

Қалған өңірлердегі дауыс беру көрсеткіші төмендегідей:

* Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%;

* Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%;

* Жамбыл облысы – 61,92%;

* Маңғыстау облысы – 61,86%;

* Алматы облысы – 60,41%;

* Павлодар облысы – 60,23%;

* Қостанай облысы – 57,14%;

* Қарағанды облысы – 56,42%;

* Ақмола облысы – 56,08%;

* Батыс Қазақстан облысы – 55,27%;

* Ұлытау облысы – 54,61%;

* Атырау облысы – 54,16%.

Ал республикалық маңызы бар қалалар арасында сайлаушылардың белсенділігі Астанада 42,92%, Шымкентте 44,72%, Алматыда 37,70% болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары