823
Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.
Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.
Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.