Абай Бегейдің қызы екінші анасына қатысты шындықты айтты

Әнші Абай Бегейдің бірінші жұбайы жүрек талмасынан көз жұмған еді.

Абай Бегейдің қызы екінші анасына қатысты шындықты айтты
Фото: https://www.instagram.com/niyazkulova_erke/

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы блогер, кәсіпкер Гүлеркем Ниязқұлова өнер иесінің екінші әйеліне қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

“Өгей шеше өз анаңдай бола алмайды. Өгей шеше өгейлігін көрсетеді”, – деп жатады көпшілік. Ол рас, өз анаңның орнын ешкім де баса алмайды. Дәл солай ойлап, мен де апаны екі жыл қабылдай алмағанымды білесіздер. Бірақ әкеміздің таңдаған екінші жары бізге жақсы дос, сырлас, қамқор, жанашыр, ең жақын адамға айналады деп ойламаппын. Анау-мынау келіншек бұл кісінің орнында бола алмас еді... “Апаңмен қарым-қатынастарың қалай?” деген жандарға дәл осы видео қысқаша жауап болсын”, – деп жазды блогер ару.