Теннисші Амир Омарханов «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты

Амир Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.

Теннисші Амир Омарханов «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты
Сурет: ҚТФ

Амир Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Антуан Фато – Даниэль Жадемен өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Омарханов – Дерепаско ширек финалға өту үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен кездеседі.

Айта кетейік, жекелей сында Амир алғашқы айналымда испаниялық Рафаэль Ходарға жол берді.