Президент Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілін қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілін қабылдады
Сурет: Ақорда
447

Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады, деп жазды turkystan.kz.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Омаровқа Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді.

Президент аталған әмбебап ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары