Жапон ғалымы мысықтардың өмір жасын ұзартатын вакцина әзірлеп жатыр

Егер бәрі ойдағыдай болса, вакцина келесі жылы нарыққа шығады.

Жапон ғалымы мысықтардың өмір жасын ұзартатын вакцина әзірлеп жатыр
сурет: catsonbroadwayhospital.com

Жапон ғалымы мысықтардың өмір жасын ұзартатын вакцина әзірлеп жатыр, бұл туралы trillmag.com жазды.

25 жыл бойы жапон ғалымы Тору Миязаки мысықтың бүйрек ауруының алдын алатын вакцинаны әзірлеу үшін еңбек етіп келеді. Бұл дерт мысықтардың өлімінің негізгі себебі саналады екен.

Клиника сынақтары қазірдің өзінде басталып кеткен. Егер бәрі ойдағыдай болса, вакцина келесі жылы нарыққа шығады. Сондай-ақ мысықтар 30 жылға дейін өмір сүруі мүмкін. Ғалымның мақсаты – оны барлығына қолжетімді ету.