«Қайыршылар сияқты»: Гүлге таласқан астаналықтар бір-бірін таптап тастады
Саябақтағы сабырсыз жұрттық қылығы желіде қызу талқыға түсті.
Астанада "Жетісу" саябағындағы тегін таратылған раушан гүлдеріне ұмтылған адамдар бір-біріне кедергі жасады, деп жазды turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы желіде пайда болды. Мүмкіндігінше көп гүл алуға тырысып, бір-бірін итерген адамдар жұртшылықтың ашуына тиді. Көпшіліктің арасында балалар да болған. Бірақ гүлге таласқан ересектер оларды ескермегені көрінеді. Себебі кадрларда “абайлаңыз, бала" деп айқайлаған дауыс шыққан.
Желіде бұл видео астына көптеген пікірлер жазылды.
“Астаналықтар, сендерге не болған?", “Ер адамдар сіздерге не керегі бар тегін гүлдің?”, “Масқара палау үшін төбелесетін халық, балаға да қарап жатқан жоқ”, "Әдеттегідей талап жатыр, бүгін өмірінің соңғы күніндей”, "Астана тегін зат тарататын жер емес”, "Астанада тек қайыршылар ғана өмір сүріп жатқандай”, "Бейшаралар-ай”, - деп жазады пікір қалдырушылар.