Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты

Отандасымыз турнирдің төртінші айналымындағы қарсыласымен осыған дейін үш рет кездескен.

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: ҚТФ

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі төртінші айналымда Филипп Шатрье кортында дүниежүзілік рейтингіде 2017 жылы үшінші орынға дейін көтерілген, қазір 19-сатыда тұрған украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарсыластар осыған дейін үш рет кездесіп, соның екеуінде украиналық теннисші басым түскен еді. Соның ішінде Токио олимпиадасында қола жүлде үшін бәсекеде Свитолинаның бағы жанған-ды. 

Бұл жолы спортшылар матчты брейк алмасумен бастады. Есеп 2:2 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкпен алға шықты. Есеп – 4:2. Содан кейін сетке доп бергенде, сәтті ойнады. Есеп – 6:4.

Екінші сетті Елена брейкпен бастады. Есепті 4:1-ге жеткізгенімен, Свитолина да барынша тырысып бақты. Еесеп – 3:4. Дегенмен Рыбакина матчты брейкпен түйіндеді. Есеп– 6:3.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолини немесе рейтингіде 70-орындағы ресейлік Элина Аванесянның қай жеңгенімен кездеседі.