458
ШҚО-да 3 жасар бала суға батып кетті
Мәлімет бойынша, оқиға 2-маусым күні Ұлан ауданында болған
Бүгін Шығыс Қазақстан облысында 3 жасар бала өзенге батып кетті, деп жазады turkystan.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, оқиға 2-маусым күні Ұлан ауданында болған.
Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде 3 жасар бала суға батып кетті. Алдын ала болжам бойынша бала ата-анасының қарауынсыз қалған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары ата-аналардан жағалауда, суда балаларын қараусыз қалдырмауды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.