Әйелін қылқындырып өлтірген: Ақтөбе облысында ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Сотталушы кінәсін толық мойындады

Әйелін қылқындырып өлтірген: Ақтөбе облысында  ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Azattyq Ruhy
596

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру, яғни әйелін қазаға ұшыратқан ер адамға қатысты үкім шығарылды, деп жазады turkystan.kz.

Сотта ер адамның 2024 жылдың 1 ақпанында Темір ауданы Саркөл ауылында үй ішінде әйелін қолымен мойынынан қысып қылғындырып, оны қасақана өлтіргені анықталды.

Прокурор 11 жыл, ал жәбірленуші тарап қатаң жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындады.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың, сарапшылардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен қуатталады.

Серіктес жаңалықтары