Ерлан Сағадиев: Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген

Ерлан Сағадиев: Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген

Ерлан Сағадиев: Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген
ашық дереккөзі
Қазақ тілінің ҰБТ-дан не себепті алынып тасталғандығы туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Министрдің айтуынша, ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті, сондай-ақ, биылғы жылы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек экзамен тапсырып, тіл білімінен тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс. «12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған», – деп атап өтті министр Ерлан Сағадиев. Ал  кешегі күні Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден «Қазақ тілі» пәнінің жоқ екендігі жөнінде ресми мәлімдеме жасаған болатын.  Әлімқұловтың мәлімдемесіне сүйенсек, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы» және «Қазақстан тарихы» атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған.