Қазақстандық садақшы әлем чемпионы атанды

Халықаралық турнирге биыл әлемнің 20 елінен 300-ге жуық спортшы келген. Аталмыш турнир Түркияда 12 жыл қатарынан өтіп келеді.

Қазақстандық садақшы әлем чемпионы атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі
609

Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшысы елордалық Айкөркем Батихан Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен «Fetih Kupası» турнирінде әлем чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім еткендей, аталған тарихи жеңіске Айкөркем Батихан 50 метр қашықтықта диаметрі 50 см болатын Пута нысанасы бойынша қол жеткізді.

Аталмыш турнир Түркияда 12 жыл қатарынан үзбей өтіп келеді. Қазақстан спортшылары оған 2017 жылдан бері қатысқанымен, бұған дейін жеңіске жетпеген екен.

«Финалда Айкөркем Батихан Түркияның ең үздік садақшысымен кездесіп, оны 5:4 есебімен жеңді. Айкөркемнің жеңісі – бүкіл командамыз үшін үлкен жетістік», - деді дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Диас Ахметов.

19 жастағы Айкөркем Батиханның дәстүрлі садақ атумен шұғылданып жүргеніне 1,5 жыл ғана болған.

Серіктес жаңалықтары