«Менсінбеушілікпен қарай бастады»: Нұржан Қалжан өнердегі достарынан көңілі қалған сәтін айтты

Әнші өнердегі достарына ренішін білдірді.

«Менсінбеушілікпен қарай бастады»: Нұржан Қалжан өнердегі достарынан көңілі қалған сәтін айтты
Скриншот/ YouTube
1217

Сахнадан біраз уақыт жоғалып кеткен әнші Нұржан Қалжан «Хабарlike» бағдарламасында шығармашылығы жайлы сұхбат берді.

Әнші өнерден көңілі қалған сәттері жайлы айтып берді.

«10 жылда мен құрылысқа немесе басқа жұмысқа кеттім дей алмаймын. Өнердің бір шетінде жүрдім. Ортасына түскен жоқпын, оны мойындаймын. Сахнаға шықпадым, түсірілімдерге қатыспадым. Тек тойдың маңында жүрдім. Әнші сахнадан қанша алыстап кетсе де, оның тыңдарманы жібермейді екен. Бір кездері ауылға қайтып, мал бағамын деген ойлар келді. Өйткені өнерден көңілім қалғандай болды. «Кетемін» деп ауылға қайтқанның өзінде жатқызбады. Тыңдармандарым тойларына, қуаныштарына шақырып алды. Содан тойға барып, ақша тауып жүрдім», - деді Нұржан Қалжан.

Ол өнерге оралудың неліктен қиын болғанын түсіндірді.

«Өнерге оралу өте қиын. Қазақта «көзден кеттің, көңілден кеттің» деген сөз бар. Тіпті, қасыңдағы өнер адамдарының өзі сенің қайта шықпауыңа әрекет жасайды. Мысалы мен биіктікті де көрдім. Әнім танымал болып, күнде қуанышқа, күнде мейрамға барғанда қасымда өнердегі 10-20 досым жүрді.

Төменге құлаған сәтім де болды. Ол жақтың да, бұл жақтың да дәмін көрдім. Құлаған шағымда жаңағы достардың бірі де қалмады. Ол өмірдің заңдылығы да шығар. Бірақ сол өнердегі достарым мені көріп қалса, менсінбеушілікпен қарай бастады», -деді Нұржан Қалжан.

Серіктес жаңалықтары