923
Ақтөбеде 20 жастағы азамат суға батып кетті
Оқиға бүгін Ақтөбе қаласы, Қарғалы өзені Солнышко бау-бақшасы аумағында болған.
2004 жылы туылған ер адам суға түсуге рұқсат етілмеген аймақта суға батып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Жедел құтқару жасағы құтқарушылары жағадан 15 метр қашықтықта, 2,5 тереңдіктен аталған азаматтың денесін шығарып алған.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.