ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды

Күдікті деп танылған 41 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды
ШҚО прокуратурасы
851

Өскеменде есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген арнайы операция барысында қылмыстық полиция қызметкерлері жалға алынған жертөледе зертханалық құрал-жабдықтар, аса ірі көлемде сатуға дайын прекурсорлар мен синтетикалық есірткіні тауып тәркіледі.        

Прокуратура мен полиция бұл жертөлені бірнеше ай аңдып, бақылаған.        

«Сараптамаға сәйкес 1,4 келі мефедрон, 1,6 тонна химиялық сұйықтық алынды. Сөйтіп, 100 келіге жуық синтетикалық есірткі заттарын өндіруге жол берілмеген.  Аса ірі көлемде есірткіні өткізу мақсатында заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Күдікті деп танылған 41 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары