Атырау облысында жасөспірімнің денесі табылды

Жасөспірім 28 мамырда күндізгі уақытта достарымен су айдындарына кетіп, кері оралмаған.

Атырау облысында жасөспірімнің денесі табылды
inform.kz
798

Қайғылы жағдай Индер ауданы Индербор кентінде болған, деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

29 мамырда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Индер ауданы Индербор кентінде Жайық өзенінің тасуы салдарынан жиналған судан  жасөспірімнің денесін шығарды. 

2009 жылы туған Индербор кентінің тұрғыны 28 мамырда күндізгі уақытта достарымен су айдындарына кетіп, кері оралмаған.

«Құтқарушылар сол уақыттан бастап іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 29 мамырда түнгі сағат 04:40 шамасында жасөспірімнің денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген хабарламада.

Қазір Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен суы өз арнасынан асып, жайылмаға тараған. Ал жасөспіріммдер 170 см биіктіктегі жайылма суға шомылғандығы анықталды. Осыған байланысты төтеншеліктер су тасқыны кезінде қауіпсізідік шараларын сақтап, жазғы демалыс уақытында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады. Ағыспен келген қоқыстар, ағаш қалдықтары мен басқа да заттар қауіпті саналады. 

 

Серіктес жаңалықтары