Euronews Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласын жариялады

"Орта державалар мультилатерализмді құтқара алады"

Euronews Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласын жариялады
akorda.kz
489

Euronews телеарнасының сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

28 мамырда "Орта державалар мультилатерализмді құтқара алады" деген тақырыппен жарияланған мақалада Президент орта державалардың жаһандық саясаттағы рөлі жайлы жазған.

Мемлекет басшысы Қазақстан секілді елдерді жаңа күшпен әрекет етіп, әлемдік аренада тек қатысушы ғана емес, сонымен қатар жауапты менеджер рөлін де күшейтуге шақырды.

Сонымен қатар ол Қазақстан әрқашан көпжақтылықты ұстанғанын және халықаралық диалог пен бірлескен іс-қимыл үшін жаңа платформаларды үнемі іздейтінін атап өтті.

Мақаланың толық нұсқасы мына сілтемеде жарияланған.

 

Серіктес жаңалықтары