Димаш Құдайберген «Smoke» әніне бейнебаян түсірді (ВИДЕО)

Әншінің кезекті бейнебаяны ертең қалың тыңдарман назарына ұсынылады.

Димаш Құдайберген «Smoke» әніне бейнебаян түсірді (ВИДЕО)
Фото: dimashnews.com

«Smoke» әніне бейнебаян түсіру жұмыстарына американдық және қазақстандық музыкалық бейнережиссерлер атсалысқан, деп хабарлады turkystan.kz.

«Құрметті достар! 29 мамырда Астана уақытымен сағат 20.00-де YouTube арнамда «Smoke» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері болатынын қуана хабарлаймын. Бұл - біздің американдық және қазақстандық музыкалық бейнережиссерлердің ынтымақтасуынан пайда болған жаңа шығармашылық жұмысымыз. Бұл біз үшін ерекше тәжірибе болды. Сол себепті, біздің оқиғамыз сіздерге ұнайды деген сенімдемін. Барлықтарыңызды YouTube арнамда күтемін, назарларыңызға рақмет!», - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.