798
Ұландық сарбаз ерекше дауысымен әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті (ВИДЕО)
Желі қолданушылары әскери қызметші Едіге Шайдуллинді атақты әнші Леонид Агутинге ұқсатқан.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің сарбазы әлеуметтік желі қолданушыларын өз дауысымен тәнті етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Тик-ток желісіне жүктелген видеода қатардағы Едіге Шайдуллин «Я буду всегда с тобой» атты әнді нақышына келтіре орындаған. Видео аз ғана уақытта көптеген қаралым жинап, желі қолданушыларының көңілінен шыққан.
Желі қолданушылары «Ах, бұл дауыстың тембрін-ай!», «Агутиннің өзі ән салып жатыр екен деп ойладым», «Сіздің орындауынызда мүлдем керемет екен», «Керемет дауыс, құлақ құрышын қандырдыңыз!», «Қазақстан сіздердің жастар өте керемет екен. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін! Бішкектен сәлем!» деген секілді пікір қалдырып жатыр.