Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталды

Барлығы 18 сиыр сойылды

Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталды
qyzyljarnews.kz
669

Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қарадан бурцеллез анықталды. Осыған байланысты 5 ауданда санитарлық шектеу жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Бруцеллез адамға да жұғуы мүмкін деген күдікпен жергілікті медицина қызметкерлері қазір мал иелерінің денсаулығын тексеруде. Шектеулер Шет, Қарқаралы, Нұра және Абай аудандарында жарияланған болатын, бұл тізімге енді Осакаров ауданы да қосылды. Зертхана мамандары ірі қараны сойып, патологиялық сынама алған. Қорытындысы бойынша індет расталды. Барлығы 18 сиыр сойылды. Келтірілген шығынның 30 пайызы мемлекет есебінен өтеледі. Қазір елдімекендерде малдың етін сүтін саудалауға, ауыл сыртынан сыртқа шығаруға тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары