619
Қызылорда облысында каналдан ер адамның денесі табылды
Суару каналының ені 10 метр болса, тереңдігі – 1 метр
Қызылорда қаласындағы каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 50 жастағы адамның жансыз денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Skifnews.kz ақпарат порталының мәліметінше, оқиға Қызылорда қаласына қарасты «Бәйтерек» шағын ауданы маңындағы «Ардақ» суару каналында болған.
«Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының күшімен каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 1973 жылы туған адамның мәйіті шығарылды. Оқиға орнында 5 құтқарушы 1 техника,1 қайықпен жұмыс істеді. Суару каналының ені 10 метр болса, тереңдігі – 1 метр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.