Иран президенті апаттан қаза тапты
Ибрахим Раиси Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Аракс шекара өзеніндегі бөгетті пайдалануға беру рәсіміне қатысып қайтып бара жатқан.
Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты. Сонымен қатар, экипаж мүшелері де түгел көз жұмған. Бұл туралы Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хусейн Коливанд хабарлады.
Иран құтқарушылары президент Эбрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян тікұшақ апатынан аман қалмағанын мәлімдеді.
Бұған дейін Иран Қызыл Жарты айының басшысы Пирхосейн Коливанд мемлекеттік теледидарда құтқарушылар апат болған жерде өмір белгілері табылмағанын айтқан еді. Тікұшақта Иран президенті Эбрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Иранның шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Табриз провинциясының аятолла Али Хашим болған.
Тікұшақ Иранның солтүстік-батысындағы Әзірбайжан мен Түркия шекарасына жақын таулы аймақта апатқа ұшырады.
Ибрахим Раиси Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Аракс шекара өзеніндегі бөгетті пайдалануға беру рәсіміне қатысып қайтып бара жатқан.
Ирак, Түркия, Ресей және БАӘ сияқты бірнеше ел Иранға іздеу-құтқару жұмыстарына көмек ұсынды. Еурокомиссия, сонымен қатар, Copernicus EMS жедел әрекет ету спутниктік картография қызметін іске қосты.