Бүгін Қазақстанның хоккей құрамасы АҚШ-пен кездеседі

Одан кейін ел құрамасы 20 мамырда Польша хоккейшілерімен шеберлік байқасады

Бүгін Қазақстанның хоккей құрамасы АҚШ-пен кездеседі
619

Бүгін, 19 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде АҚШ-қа қарсы ойнайды, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатыр.

Қазақстан мен АҚШ кездесуі сағат 19:20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін 6 мәрте кездесті. Оның барлығында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына есе жіберді.

Одан кейін ел құрамасы 20 мамырда Польша хоккейшілерімен шеберлік байқасады.

Серіктес жаңалықтары