Қонаев қаласында пәтерден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы

Қонаев қаласында пәтерден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды
astanatv.kz

Қонаев қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтерлердің бірінде 14 ш.м. алаңда өрт орын алды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт 26 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД құтқарушылары баспалдақпен 25 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.