819
Ақтөбе облысында өрт кезінде екі зейнеткер қаза болды
ТЖД құтқарушыларының күшімен 90 шаршы метр аудандағы өрт сөндірілді
Ақтөбе облысында алапат өрт болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Tengrinews.kz мәліметінше, оқиға осы түні Мәртөк ауданының Достық ауылында жеке тұрғын үйде болған.
Оқиға орнында өртті сөндіру барысында 1955 және 1958 жылы туған екі адам өлі табылды.
ТЖД құтқарушыларының күшімен 90 шаршы метр аудандағы өрт сөндірілді, себебі анықталып жатыр.