664
Тоқаев туған күнін тойлаудан бас тартты
Еске салсақ, Мемлекет басшысы өткен жылдары да осындай ұстанымды ұстанған болатын.
17 мамыр – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы бұл күнді қалай өткізуді жоспарлап отыр?
Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл қарапайым жұмыс күні. Ол жұмыста болады. Бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбаған, әкімшілік қызметкерлерінен құттықтаудан бас тарту сұралған.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы өткен жылдары да осындай ұстанымды ұстанған болатын.
"Президенттің принципті ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмаған", – деп түсіндірді Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісіне.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды.