Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырады

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырады
видеодан кадр

Қарағандыда ірі жол апаты болды. Полиция көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларға қарағанда, патрульдік полиция полкінің арнайы көлігіне қатты зақым келген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Үш көлік құралы: Lada Vesta қызметтік көлігі, «Фотон» манипуляторы және жүк көлігі жол апатына ұшыраған. ЖКО салдарынан Lada Vesta жүргізушісі - Қарағанды ПБ патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторы-медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.