969
Түркістан облысында көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен ер адам ұсталды
Ер адам оңай олжасын сатып, ақшасын құмар ойынға тігіп жіберген.
Түркістан облысы Созақ ауданында 26 жастағы жігіт бір үйге екі рет ұрлыққа түскен, деп хабарлады turkystan.kz.
Ал оңай олжасын сатып, ақшасын құмар ойынға тігіп жіберген.
«Белгілі болғандай, күдікті көршісінің үйіне кешкі уақытта ұрлыққа түсіп, 740 мың теңгеге жуық ақшасын алған. Полицейлер оның бір апта бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтаған. Ол ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген», - делінген otyrar.kz сайтының хабарламасында.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.