812
Қазақстан Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасына ие болды
Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.
Бұл ел қоржынына түскен 51-ші жолдама.
Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 50-ші жолдаманы көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.
Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.
Оған дүниежүзінің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.