Алматыда ер адамның аялдамадағы әрекеті жұртты шошытты

Бұзақыны полицейлер ұстағаны белгілі болды.

Алматыда ер адамның аялдамадағы әрекеті жұртты шошытты
видеодан кадр

Алматыда ер адам тұрғындарды шошытты. Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрларда ер адам аялдамада тұрған адамдарға шабуыл жасамақ болып, әдепсіз сөздер айтып, балағаттағаны көрінеді.

Бұзақыны полицейлер ұстағаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, ол мас болған.

«Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы ұсталды, іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.