Жамбыл облысының Жуалы ауданында 1964 жылы туған әйел адам таулы жерде жоғалып кетті, деп жазады turkystan.kz.
Әйел адам саңырауқұлақ теруге шыққан болатын.
ТЖД қызметкерлері іздеуге шығып, оны 4 сағаттан кейін тапты. Саңырауқұлақ терушіге медициналық көмек қажет болмады.