Такси жүргізушісін балағаттаған ер адам ұсталды

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды

Такси жүргізушісін балағаттаған ер адам ұсталды
Видеодан алынған кадр
994

Оның кім екендігі дереу анықталып, қолға түскен, деп хабарлады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, оқиға туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.  

Такси жүргізушісіне қатысты балағат сөздер мен балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материал сотқа жіберілді, - делінген хабарламада.

Оқиға Астана қаласында болған. Видеожазба әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды. 

Белгісіз еркек такси жүргізушісінің намысына тиетін сөздер айтып, өте дөрекі сөйлеседі. Артынша көлікті тоқтатуын бұйырып түсіп қалады. Жай кетпей жүргізушінің USB сымын алып кеткісі келген. Айта кетерлігі, көліктің артында отырған еркек те жолдасының бұл әрекетін тыюға тырыспаған. 

Көлік тізгінінде болған жігіттің есімі Шыңғыс екен. Өзінің де, әкесінің де есту қабілеті бұзылған. Әкесі күндіз такси болып еңбек етсе, түнгі кезек Шыңғыста. Себебі екеуіне ортақ бір көлік.

Серіктес жаңалықтары