Атырау облысындағы Талдыкөл ауылын су басуы мүмкін

Талдыкөл орта мектебінде 300 орындық эвакуациялық пункт дайындалды

Атырау облысындағы Талдыкөл ауылын су басуы мүмкін
inform.kz

Атырау облысындағы Талдыкөл ауылын су басуы мүмкін. Ауыл маңында 3 км қорғаныс бөгеттері салынды, оның 800 м бекінісі жаңартылды, деп жазады turkystan.kz.

Жағалауды нығайту жұмыстарына 25 арнайы техника, 28 әскери қызметші және ҚР ТЖМ 15 қызметкері жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар мен сарбаздардың күшімен бөгеттерге 28 мың қап төселді. Талдыкөл орта мектебінде 300 орындық эвакуациялық пункт дайындалды. 

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлағандай,  фермерлер мен шаруа қожалықтарының иелеріне су басу қаупі туралы ескертулер берілді. Қауіпсіз жерлерге 200 бас ешкі мен қой, 300 бас сиыр көшірілді.