710
Алматы облысында көлік қаққан 6 жасар бала мерт болды
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бала жолға аяқ-астынан атып шыққан
10 мамырда кешқұрым Алматы облысының Саймасай ауылында 2018 жылғы баланы көлік қағып кетіп, мерт қылды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты Пащенко көшесінде болды. Opel Astra көлігі жолға атып шыққан баланы қағып кеткен. Көлік рөлінде әйел адам болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бала жолға аяқ-астынан атып шыққан.
Оқиға орнына жеткен біздің тілшімізге сол маңдағы адамдар балақайдың әрдайым жолдың арғы бетіндегі құм үстінде ойнайтынын жеткізді. Әйел адам бірден жедел жәрдем көлігін шақырды, олар баланы жансақтау бөліміне жеткізді, бірақ кейінірек балақайдың көз жұмғаны белгілі болды.
Жол апатының мән-жайын Алматы облысының анықтаушысы анықтайтын болады, тиісті сараптамалар тағайындалды.