1396
«Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Қазақстаннан кетпек ойы барын айтты
Бұл туралы Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында жазған.
Дина Төреәлі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі демалып жүр, деп жазды turkystan.kz.
Төреғалидің қарындасы отбасымен бірге Дубай қаласының көрікті жерлерін аралап, қымбат мейрамханаларда ауқаттанып жүрген сәттерін көрсетті. Сонымен қатар олар болашақта шетелден баспана алуға ниетті екенін айтып қалды. Олар Дубайдан пәтер қарастырып, оны сатып алу үшін қанша қаражат керек екенін зерттеп көрген. Алайда Дина Төреәлі өзіне ұнаған үйді алу үшін әлі бір жылдай жұмыс істеу керек екенін айтқан.
"Болашақ құдағиымыз көрші болайық деген соң пәтер қарауға келдік. Арзан үйлер өте көп. Бірақ ең жақсысын алу үшін бізге әлі бір жылдай жақсылап жұмыс істеу керек екен", - деп жазды ол.