536
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
10 мамырда Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында ауа ластануы мүмкін.
![Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/05/1715318397.jpg)
Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, аа ластанады.
«2024 жылғы 10 мамырда Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.