Ташкентте бір жастағы баланың үстіне ағаш құлап кетті

Қайғылы оқиға Чиланзар ауданында болған.

Ташкентте бір жастағы баланың үстіне ағаш құлап кетті
Сурет: gazeta.uz
841

Чиланзар ауданының прокуратурасы оқиға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Коляскада жатқан бір жастағы баланы бала күтуші әйел далада серуендетіп жүрген. Кенет олар өтіп бара жатқан жол жиегіндегі ағаш құлап, бала жатқан колясканы басып қалған. Бұл туралы Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз-қызметіне жетекшілік ететін Хает Шамсутдинов мәлімдеген.

Оқиға 3 мамыр сағат 11:50 шамасында бесінші тұрғын үй алабы аумағында болған. 

«55 жастағы бала күтуші қарауындағы баланы коляскамен алып келе жатқанда үстіне ағаш құлаған. Салдарынан сәби сол жерде мерт болды», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары