«Бір күн уақыт беремін»: Әнші Жазира Байырбекова жалған ақпарат таратқан сайттарды сотқа беретін болды

Өнер иесі әлеуметтік желілерде өзі жайлы түрлі қауесет тарап жатқанын айтты.

«Бір күн уақыт беремін»: Әнші Жазира Байырбекова жалған ақпарат таратқан сайттарды сотқа беретін болды
Жазира Байрбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
1201

Жазира Байырбекова өзі жайлы жалған ақпарат таратқандарға жазбаларын өшіру үшін бір күн уақыт берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Менің суретімді қойып "Жазира былай деді" деп біресе "Жазира қайтыс болды" деп біресе қылмыскердің суретімен бірге монтаж жасап өтірік ақпарат таратып жатқан парақшаларды, сайттарды сотқа береміз деп шештік. Жалған ақпараттарды өшіру үшін авторларға бір күн уақыт береміз», - деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары