Азия чемпионаты: Бокстан Қазақстан құрамасы 11 алтын иеленді

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Азия чемпионаты: Бокстан Қазақстан құрамасы 11 алтын иеленді
Сурет: topsport.kz

Астана қаласында өткен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 алтын медаль иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтқанда,11 алтынның бесеуін жігіттеріміз олжаласа, алтауын бұрымды боксшыларымыз жеңіп алды.

Алтын жүлдегерлер:

Ұлдар:

60 кг. Алексей Хаванцев

67 кг. Төрехан Сабырхан

71 кг. Өнер Сейілхан

75 кг. Санжарәлі Бегалиев

80 кг. Мадияр Бексұлтанов

Қыздар:

54 кг. Аяжан Сыдық

57 кг. Аяжан Ермек

60 кг. Толғанай Қасымхан

66 кг. Ұлдана Таубай

75 кг. Шұғыла Нәлібай

81 кг. Аружан Зейноллаева

Командалық есепте үздік үшікке енген елдер:

Қазақстан – 11 алтын, 4 күміс, 9 қола;

Өзбекстан – 7 алтын, 3 күміс, 12 қола

Үндістан – 5 алтын, 9 күміс, 8 қола