1665
1 млрд 207 млн: Миллиардер әйел бар байлығын өзінің қызметшісіне мұраға қалдырып кеткен
Тайлық әйел аралда тұратын Делакоттың қызметшісі болып 17 жыл жұмыс істеген.
Француздық кәсіпкер Катрин Делакот қайтыс болған соң Самуи аралында тұратын, өзінің қызметшісі болған тайлық әйел Нутвалаи Пхупонгке мұраға 100 млн бат (теңгеге шаққанда 1 млрд 207 млннан астам) көлемінде ақша қалдырып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz Bangkok Post-ке сілтеме жасап.
Делакот пен оның бұрынғы әйелі Самуи аралына 12 жыл бұрын көшіп келген. Сосын екеуі дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен. Ал әйел зәулім үйде жалғыз тұрған. Содан соң ол өзінің жаман аурумен ауыратынын естіген, сосын бірнеше уақыттан соң өз-өзіне қол жұмсаған.
Делакоттың қызметшісі болып 17 жыл жұмыс істеген тайлық әйелдің иелігінде оған мұра етіп қалдырған зәулім үй, қымбат көлік, қолма-қол ақша, жер аумағы мен басқа да активтер қалды.