110 жыл бұрын жоғалып кеткен "қарғыс атқан" кеме табылды

"Аделла Шорстың" тарихын Ұлы көлдердегі кеме апаттарын зерттеу жөніндегі Тарихи қоғам жариялады. Сарапшылар қалдық табылғаннан кейін бірнеше жылдан кейін ғана хабарлағанын айтты, өйткені барлық мәліметтерді мұқият тексеру қажет болған.

110 жыл бұрын жоғалып кеткен "қарғыс атқан" кеме табылды
сурет: startribune.com
11998

"Аделла Шорс" ағаш пароходы 110 жыл өткен соң табылды. Кеме 1909 жылы Солтүстік Америкадағы Супериор көліне батып кеткен. 

"Аделла Шорс" "Моррелл" кемесінің артынан жүзіп бара жатқан. Екі кеме де солтүстік-шығыстан соққан қатты дауылға тап болады. Сол кезде "Аделла Шорс" артта қалып қойып, көп ұзамай көзден таса болды. Осылайша 14 экипаж мүшесінің тағдыры белгісіз болып қалды. "Моррелл" командасының мүшелері ағаш кеме үлкен айсбергпен соқтығысып, батып кетті деген тұжырым жасаған.

"Аделла Шорстың" белгісі тек 2021 жылы табылды. Зерттеушілер гидроакустикалық жүйені қолдана отырып, теңіз түбінен табылған қалдықты "Аделла Шорстың" бір бөлігі деп тұжырымдады, өйткені бұл аймақта мұндай үлкен кеме жоғалмаған.

"Аделла Шорстың" тарихын Ұлы көлдердегі кеме апаттарын зерттеу жөніндегі Тарихи қоғам жариялады. Сарапшылар қалдық табылғаннан кейін бірнеше жылдан кейін ғана хабарлағанын айтты, өйткені барлық мәліметтерді мұқият тексеру қажет болған.

Зерттеушілер сонымен қатар кеменің 1894 жылы салынғанын айтыпөтті. Ол кеме жасайтын компания иесінің қызының есімімен аталған. Алғашында ашық теңізге шығарда қажетті жоралғыларды орындамағандықтан, кеменің "қарғысқа ұшырағаны" туралы қауесет тараған екен.

Серіктес жаңалықтары